ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/18/2026 1

ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ «ПӘТУА БЕРУДІҢ ӘДЕБІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Әліби Әуелбекұлы Сырдария ауданына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында ауданға қарасты ауыл мешіттерінің имамдарымен кездесіп, «Пәтуа берудің әдебі мен жауапкершілігі» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында пәтуа беру ісіндегі жауапкершілік, шариғат талаптарына сай үкім айтудың маңыздылығы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми пәтуалары түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушылар діни қызмет барысында туындайтын өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі