ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/10/2022 620

ТОЙДАН ТОБЫҚТАЙ: СЕКСЕУІЛДЕ 80 ОТБАСЫҒА КӨМЕК БЕРІЛДІ

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Тілеуқұл ишан» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
Айта кетейік, бүгін сексеуілдіктерде дүбірлі той. Себебі, қасиетті мерекенің екінші күнінде, Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентінде 1000 адамға арналған жаңа мешіт ғимараты ашылды.
Салтанатты шарадан соң, мешіт ауласында қайырымдылық акциясы өтіп, облыстың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы тұрғындарды ұлық мейраммен құттықтады. Акция аясында 80 отбасыға құрбан еттері мен азық-түлік пакеттері таратылды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі