ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/26/2022 210

ҚЫЗМЕТТІК ТАҒАЙЫНДАЛУЛАР

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының №2441 бұйрығына сәйкес, Қызылорда қаласында орналасқан “Мүбәрак” мешітінің бас имамы қызметіне Жүсіпов Бақытбек Жолдасбекұлы және №2496 санды бұйрығына сәйкес, Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округіндегі «Қарауылтөбе» мешітінің бас имамы қызметіне Исмайлов Бақытжан Бахтиярұлы тағайындалды.
——————————————–
Жүсіпов Бақытбек 2016-2020 жж. Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетін тәмамдаған.
2020-2021жж. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Есет батыр ауылы «Өтеулі қажы» мешітінде имам болып қызмет атқарған.
2021-2022 жж. аралығында Қызылорда қаласы «Хазреті Әлі» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған.
2022 жылдың тамыз айынан бастап «Мүбәрак» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.
——————————————
Исмайлов Бақытжан Бахтиярұлы
2017-2020 жж. Шымкент медресе-колледжінде білім алған.
2020-2022 жж. аралығында Қызылорда қаласы «Мүбарак» мешітінің ұстазы қызметін атқарып келген.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап «Қарауылтөбе» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі