ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
12/13/2025 4

ҚЫЗМЕТТІК ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Төлегенов Айболат Абзалұлы Қызылорда қалалық орталық «Нұр» мешітінің наиб имамы қызметіне, Абдуллаев Еркін Серікұлы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде орналасқан «Әл-Мүмин» мешітінің имамы қызметіне, Бектас Нұртөре Еркінбайұлы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде орналасқан «Ықылас» мешітінің имамы қызметіне тағайындалды.
______________________________________

Төлегенов Айболат Абзалұлы
Білімі:
2014-2017 жж. «Ақтөбе» медресе-колледжін бітірген.
2018-2024 жж. Египет Араб Республикасы «Әл-Азһар» университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2024 жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласы «Арал аудандық орталық» мешітінде ұстаз қызметін атқарып келді.
_____________________________________

Абдуллаев Еркін Серікұлы
Білімі:
2018-2021 жж. Алматы облысы «Үшқоңыр» медресесін тәмамдаған.
2023-2025 жж. Нұр-Мүбарак ЕИМУ «Теология» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
2021-2025 жж. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті «Әл Мүмин» мешітінің наиб имамы;
2025 жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті «Ықылас» мешітінің имамы қызметін атқарып келді.
_________________________________________

Бектас Нұртөре Еркінбайұлы
Білімі:
2017-2020 жж. «Астана» медресе колледжін тәмамдаған.
2020-2024 жж. Түркия мемлекеті «Хасеки» академиясын бітірген.
Еңбек жолы:
2020-2024 жж. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы «Ескендір» мешітінің ұстазы;
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті «Ықылас» мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі