ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/19/2020 93

ҚАРМАҚШЫДА ҚОРЫМ ҚОРШАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай «30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» аясында Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан бейіт қоршалды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен кезекті жобаның жүзеге асырылуына 1972 жылы туылған азаматтар демеушілік жасаған. Мазарат қоршауының жалпы ұзындығы шамамен 380 метрді құрады.
Игі жұмыстар нәтижесімен танысқан Бас имам Болатбек Ұласқанұлы алдымен марқұмдарға құран бағыштап, қорымның қоршалуына үлес қосқан жанашыр азаматтарға алғыс білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін Арал мен Қазалыдағы ауылдарда құдық қазылып, Шиелі ауданына қарасты ауылда көпір ел игілігіне берілген болатын.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі