ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
12/22/2020 111

Қызылорда: Әйел ұстаздар марапатталды (ФОТО)

 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстағы «Әйелдер-қыздар» секторының 2020 жылды қорытындылау жиыны өтті.

Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Абуов,  сектор жетекшісі Ләззат Сыдықова және мешіт ұстаздары қатысқан жиында бөлімнің 2020 жылы атқарған жұмыстары мен нәтижелеріне шолу жасалды.

Жиын соңында бас имам пандемия уақытына қарамастан мешіттерде әйел жамағатымен жұмыс жүргізіп, білім беру бағытында діни сабақтардың тоқтап қалмауына еңбек еткен ұстаздарға алғыс білдіріп, үздік қызметкерлерді марапаттады.