ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/19/2020 31

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ 200 ОТБАСЫҒА АРНАҒАН “АУЫЗАШАР ҚОРЖЫНЫ” ТАРТУ ЕТІЛДІ

Бүгін қасиетті Қадір түнінің қарсаңында Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың 200 отбасыға арнаған «Ауызашар қоржыны» таратылды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен бастау алған «Жүрек жылуы» республикалық акциясы аясында Рамазан айының құрметіне өңірімізде ұйымдастырылып жатқан «Ауызашар қоржыны» қайырымдылық шарасына аймақ басшысы да өз үлесін қосты.

ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала мешіттерінің қызметкерлері мен ерікті жамағаттары облыс әкімінің тұрғындарға жолдаған ізгі лебізі мен мерекелік қоржындарын жеткізді.

Айта кетейік, берекелі ай басталғалы бері аталмыш акция аясында жалпы облыс бойынша әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 1600 отбасыға азық-түлік салынған «рамазан қоржындары», 50 отбасыға 432 кг ет, 40 отбасыға 1 тонна күріш үлестірілді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі