ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
01/02/2021 148

Қызылорда: «ҚОЛЫҢНАН КЕЛСЕ ҚОЛҒАБЫС БОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі «Жастар ісі секторының» бастамасы аясында Жалағаш аудандық «Иманқұл ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Қолыңнан келсе қолғабыс бол» акциясы өткізілді.
Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан аудан орталығында жұмыс жасап жатқан көше тазалығы қызметкерлеріне, емхана құрылысында еңбек етушілерге, жалдамалы жұмыс жасаушыларға, көлік жүргізушілеріне ыстық тамақтар, ыстық шәй мен тіске басар тәттілер таратылды.
Аталмыш акцияның мақсаты – жастарға үлкендерді құрметтеуді, еңбекті бағалауды насихаттау және мейірімді болуға, жақсылық жасауға шақыру.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі