ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/29/2021 225

Қызылорда: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР НАСИХАТТАЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі “Әйелдер-қыздар” және “Жастар ісі” секторларының ұйымдастыруымен «Қош келдің Әз-Наурыз» мерекелік шарасы өтті.
Ұлыстың ұлы күніне арналған шараға әйелдер-қыздар секторының Сыр өңірі бойынша жетекші маманы Л.Сыдықова бастаған қала мешіттерінің ұстаздары мен жамағаты қатысып, ұлттық дәстүрлер дәріптелді. Нақтырақ айтсақ, «бесікке салу», «тұсаукесер», «қыз ұзату» және т.б. салт-жоралғылардан көріністер қойылып, күмбірлеген күйге кезек берілді. Шара соңында ақ жаулықты әжелер бата беріп, тәттілерден шашу шашты.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі