ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
01/16/2023 14

Қызылорда: Тарихи мешітте 50 отбасыға көмек берілді

Қызылорда: Тарихи мешітте 50 отбасыға көмек берілді

ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, қалалық «Айтбай» мешітінің ұйытқы болуымен қайырымдылық акциясы өтті.

Тағдыр тәлкегінен жабырқаған жанұяларға жылулық сыйлау мақсатында ұйымдастырылған сауапты шараға облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы мен тарихи мешіттің имамы Дастан Жанасұлы қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

Сөз соңында бас имам Болатбек Абуов бастаған мешіт қызметкерлері жергілікті «Бақытты отбасы» орталығына тіркелген тұрмысы төмен 50 отбасыға азық-түлік пакеті мен жалпы салмағы 300 келі ет үлестірді.

Акция аясында көмек алғандар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.