
Қызылорда қаласында тұңғыш рет өткен «QMDB HALAL» халал өнімдер жәрмеңкесі аясында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының қатысуымен жергілікті кәсіпкерлер мен имамдарға арналған «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – халал талаптарының маңызын түсіндіру, кәсіпкерлердің діни талаптар мен белгіленген стандарттар жөніндегі білімін жетілдіру және өндіріс барысында жауапкершілікті арттыру.
Жиын барысында халал талаптарын сақтау, өндіріс үдерісін тиісті стандарттарға сәйкестендіру және тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің талаптарға сай болуын қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді.
Семинар кәсіпкерлер мен дін қызметкерлері арасында тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді ортаға салуға және халал индустриясын дамыту бағытындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, «QMDB HALAL» жәрмеңкесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің тапсырмасына сәйкес Республика күніне орай ұйымдастырылды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі



4