ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/19/2025 17

ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің ұйымдастыруымен «Исламдағы кәсіпкерлік қағидалары» тақырыбында жергілікті кәсіпкерлерге арналған семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шара барысында облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы, ұстаз Айболат Төлебайұлы Ислам шариғатындағы сауда ережелеріне қатысты кіріспе дәріс оқып, кәсіп түрлері, адал және арам айырмашылығы, табыс көзін тиімді пайдалану мәселелерін жан-жақты талдады.
Екі күнге жалғасқан семинар-тренинг соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
ҚМДБ, Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі