
Қызылорда қаласында орналасқан «Al-Quat» ас беру орны уақыпнама алды. Уақыпнама сертификатын Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікәрімұлы жергілікті жамағат алдында табыстады.
Аталған жоба аясында кәсіпкер өз кәсібінен түскен табыстың белгілі бір бөлігін ай сайын «Уақып» қорының есепшотына аударып отырады. Бұл қаражат қордың діни-ағартушылық бағыттағы жобаларын жүзеге асыруға жұмсалады.
Жиналған қаржы Хусамиддин Ас-Сығанақи атындағы Ислам институтын қамтамасыз етуге, ұстаздардың еңбекақысына және Құран жаттап жатқан шәкірттердің шәкіртақысына бағытталмақ.
Айта кетейік, «Уақып» қоры уақыпнама сертификатын табыстау арқылы кәсіпкерлік табыстың бір бөлігін Исламның өркендеуіне бағыттауды насихаттап, жамағатты уақып жобаларын қолдауға шақырады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

2