ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/21/2026 1

ҚЫЗЫЛОРДАДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ТОЙЛАНДЫ

Бүгін Қызылордада Наурыз тойы кең көлемде аталып өтті. Ұлыстың ұлы күнінде қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік шаралар ұйымдастырылды.
Игі шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев арнайы қатысты.
Сол жағалаудағы «Қайсар-арена» стадионы аумағында өткен думанды тойға Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сыдария» орталық мешіті де белсене қатысты. Мешіт тарапынан қазақ үй тігіліп, келген жұртшылыққа арналған ақ дастархан жайылды.
Облыстың бас имамы Дастан Жанасұлы бастаған мешіт қызметкерлері қонақтарға Наурыз мейрамының мән-маңызы, ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтар туралы насихат айтып, көпшілікке ізгі тілектерін жеткізді.
Наурыз мерекесіне орай тігілген киіз үйлер алдында көрмелер мен салт-дәстүр қойылымдары қойылды. Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай 35 баланың тұсауын, айдарын кесу рәсімдері өткізіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі