
Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Сыр өңіріндегі мешіттерде ұлттық спорт ойындарынан түрлі сайыстар өткізілді.
Айт намазынан кейін жамағат алдымен ақ дастарханнан дәм ауыз тиіп, мерекелік көңіл-күй аясында ұлттық ойындарға белсене қатысты. Атап айтқанда, қатысушылар «қой көтеру», «садақ ату», «асық ату», «ләңгі тебу», «қол күрес», «гір тасын көтеру», «арқан тарту», «түрнікке тартылу» сынды спорт түрлері бойынша өзара бақ сынады.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған тағылымды шара тұрғындардың көтеріңкі көңіл-күйін арттырып, мерекенің мазмұнын айшықтай түсті.
Сайыс қорытындысында үздіктер алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі






1