ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/27/2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Мұсылман жұртшылығының ең қасиетті мерекелерінің бірі – Құрбан айт мейрамы сыр мешіттерінде жоғары деңгейде тойлануда.
Бүгін таңсәріден аймақ мешіттеріне жиылған қызылордалықтар Жаратқанға мадақ айтып, айт намазын ерекше ықыласпен орындады.
Мешіт имамдары жамағатқа уағыз-насихат айтып, Құрбан айттың рухани құндылықтары жайында кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ ел ішіндегі ауызбіршілік пен татулықты нығайту, қайырымдылық жасау, мұқтаж жандарға қамқорлық таныту, ата-анаға құрмет көрсету сынды ізгі амалдардың маңызы айтылды.
Айта кетейік, мерекелік намаздан кейін арнайы орындарда «Раббың үшін құрбан шал» акциясы басталып, құрбандық шалу рәсімдері ұйымдастырылады. Шалынған құрбандық еттері әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көмекке мұқтаж азаматтарға таратылатын болады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі