ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/18/2026 1

Қызылордада республикалық экологиялық еріктілер форумы өтті

Қызылордада ел тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Аралды қайта жаңғырту» V республикалық экологиялық еріктілер форумы өтті.
Ауқымды шараны «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқаны аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры жанындағы «Қайырымдылық жаршылары» (QJ) еріктілері мен Қызылорда облысының жастар ісі секторы бірлесіп ұйымдастырды.
Форумның басты ұраны — «35 жылдыққа 35 мың түп ағаш». Жиын барысында Арал теңізінің тартылған ұлтанын көгалдандыру және шөлейттенудің алдын алу мәселелері талқыланып, спикерлер өңірдің экологиялық картасы мен ағаш отырғызу жоспарларын таныстырды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі