ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
06/04/2025 47

ЗЕКЕТ ҚОРЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫН ЖАБДЫҚТАУДА

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен ерекше балаларға қызмет көрсететін кезекті орталыққа оңалту құрылғысы тарту етілді.
Нақтырақ айтар болсақ, Облыстық балалар оңалту орталығына арнайы барған Сыр өңірінің Бас имамы Дастан Жанасұлы орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, балалармен сұқбаттасты.
Айта кетейік, бұған дейін де «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында облыстағы өзге орталықтарға да оңалту құрылғылары, татами, айна, швед стенді, бизибордтар, доптар мен дамытушы ойыншықтар сыйға берілгенін хабарлаған едік.
Оңалту құрылғысы арнайы маманның қатысуымен психо-неврологиялық диагнозы бар балалардың агрессивті күйден шығуына, сенсорлық, моторикалық бұзылыстары мен тактильді сезімталдығын дұрыстауға септігін тигізетін болады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі