ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/13/2021 74

«ЖҰМАДАҒЫ ЖЫЛУЛЫҚ» – ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫСЫ

Бүгінде ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша өкілдігіне қарасты аймақ мешіттері халық арасында мейірімділік пен бауырмалдықты насихаттап, жақсылық жасаудан жалыққан емес.

Олай дейтін себебіміз – облыс көлемінде «Жұмадағы жақсылық» бастамасы қолға алынып, қасиетті күн сайын бірі ыстық тағам таратса, бірі тегін такси қызметін ұсынуда. Осындай игі шаралардың бірі ретінде Қызылорда облысына қарсты Сырдария аудандық «Мұсылмандар» мешітінде әрбір жұма сайын тегін нан таратылатынын атап өтуге болады. Яғни жұмада мешітке келген жамағат мұқтаждығына қарай ас атасын ала алады.

Сонымен қатар, аталмыш бастама аясында қалалық Сұлтан мешітінің ерікті жас жамағаттары қыс ауасында жан бағып, табыс тауып жүрген азаматтарға жылулық көрсетіп, қасиетті жұманың жақсылық жаршысы екенін жеткізу ниетімен орталық базар маңы мен көше бойында сауда жасаушы жандарға ыстық тамақ таратылған болатын.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі