ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
08/25/2023 11

ЖҰМАНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ТЕГІН МАРШРУТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Ақайда тегін тасымалдау қызметі ұсынылды.
Нақтырақ айтар болсақ, жұма күнінің басқа күннен ерекше қасиетті күн екендігін білдіру ниетімен таңнан кешке дейін Ақай ауылдық “Мүсірәлі сопы Әзіз” мешітінің жастары жергілікті тұрғындарды діттеген жеріне  тегін жеткізді.
Дәстүрге айналған қайырымдылық шарасын халық өте жақсы қабылдап, ұйымдастырушы мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі