Байқоңыр қалалық “Жәрімбет” мешітінде Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” атты сенбілік жұмыстары өтті.
Шараға мешіт жамағаты мен белсенді жастар қатысып, мешіт аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Шараға мешіт жамағаты мен белсенді жастар қатысып, мешіт аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Мұндай іс-шаралар қоғамның бірлігін нығайтып, ортақ құндылықтарға құрметті арттыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ мешіт аумағын таза ұстау – дініміздің тазалыққа деген ерекше мән беретін қағидаттарын ұстанудың көрінісі болып табылады.
Бұл сенбілік – жергілікті тұрғындардың бір-біріне қолдау көрсетуінің және ортақ мүдде үшін жұмыла жұмыс істеуінің айқын дәлелі. Алдағы уақытта осындай игі бастамалар тұрақты түрде жалғасын табады деп жоспарлануда.