ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
12/28/2020 153

«ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРҒА ЖЫЛУ СЫЙЛАУДА

ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының бастамасымен бастау алған «Жүрек жылуы» акциясы Қызылордада жалғасын табуда.
Қыстың аязды күнінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен кезекті шарада имамдар бастаған ерікті жамағат тұрмысы төмен 40 отбасының үйлеріне көмір жеткізіп беріп, жылу сыйлады. Мұқтаждың мұңын ойлауға үндейтін игі шара жергілікті жанашыр азаматтардың демеушілігімен жүзеге асырылды.
Айта кетейік, биылғы жылу маусымында бастау алған аталмыш акция аясында осыған дейін 14 сырбойылық отбасыға 20 тонна көмір таратылған болатын.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі