ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/24/2020 98

ЖАҢАҚОРҒАНДА 2 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі пәтерге» республикалық жобасы аясында 2 бірдей жаңақорғандық жанұя баспаналы болды.

ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша Бас имамы Болатбек Абуов ауданға жасаған жұмыс сапары барысында республика бойынша №331, 332 пәтер кілттеріне ие болған отбасыларды жаңа қоныспен құттықтап, кілем сыйлады.
Айта кетейік, бұған дейін 2020 жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша 15 отбасыға үй тарту етілгені хабарланған болатын. Осымен Сыр өңірінде жалпы саны 17 пәтер кілті табысталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі