ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды спорттық іс-шара өтті.
Іс-шараға ауданның дін қызметкерлері мен мешіт жамағаттары белсене қатысып, спорттың бірнеше түрінен сайысқа түсті. Атап айтқанда, дойбы, шахмат, кіші футбол, қол күрес және тоғызқұмалақ сынды ойын түрлерінен жарыстар өтіп, қатысушылар өзара бақ сынасты.
Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, сондай-ақ мешіт жамағаттары арасындағы ынтымақ пен бірлікті арттыру болды. Жарыс барысында қатысушылар тек спорттық сайыстарда емес, сонымен қатар өзара сыйластық пен бауырмалдықта да үлгі көрсетті.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, үздік өнер көрсеткендерге бағалы және қаржылай сыйлықтар ұсынылды.





