ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданы “Қум сахаба” мешітінде “Мәуліт кеші” өтті.
Кешті “Айқожа ишан” медресесінің шәкірті Құран оқумен ашып берді. Артынша мәуліт жыры оқылды.
Одан соң мешіт имамы Баубек Ертасұлы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінің соңғы күндерінен тағылымды насихат айтты. Жамағатқа арналған рухани видеороликтер көрсетіліп, көрермен жүрегіне ерекше әсер сыйлады.
Кештің қадірлі қонағы – ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі ұстаз Арман Қуанышбаев арнайы келіп, жиналған қауымға өнегелі насихат айтты.
Жиын соңында жамағатқа ас беріліп, мәуліт рухымен өрілген берекелі басқосу болып өтті.
Алла Тағала осындай игі шараларымызды қабыл етіп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне амал етушілердің қатарынан жазғай!

80