ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/28/2026 3

ЖАҢАҚОРҒАНДА «ПӘТУА БЕРУДІҢ ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Әліби Зарлықов Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында жергілікті имамдармен кездесіп, «Пәтуа берудің қоғам алдындағы жауапкершілігі» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында пәтуа беру ісіндегі жауапкершілік, шариғат талаптарына сай үкім айтудың маңыздылығы және діни мәселелерде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми пәтуаларын басшылыққа алудың қажеттілігі жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, діни қызмет барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі