
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры, Қызылорда облысы өкілдігі, Жаңақорған аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Тайқазан» қайырымдылық акциясы өтті.
Шараның мақсаты – тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету, қоғамдағы жанашырлық пен бауырмалдық құндылықтарын нығайту.
Сауапты шараға қатысқан «Зекет және қайырымдылық» қорының облыс бойынша жауапты өкілі Оңталап Тасболатұлы мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, көмек берудің маңызы жайлы сөз қозғап, игі іске үлес қосқан азаматтарға алғыс айтты.
Айта кетейік, қайырымдылық акциясы аясында, аудандағы Отбасын қолдау орталығы ұсынған тізім бойынша, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 50 отбасыға азық-түлік қоржындары үйлеріне жеткізілді.
ҚМДб-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
