ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/25/2022 762

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАМАҒАТ СТАДИОН ТӨРІНДЕ ЖАРЫСҚА ТҮСТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторы, “Жаңақорған аудандық” мешіті мен “Жаңақорған ауданының дене шынықтыру және спорт” бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңақорған кенті орталық стадионында “Дін бірлігі-ел тұтастығының кепілі!” ұранымен кентте орналасқан мешіт жамағаттарының арасында кіші-футболдан аудандық жарыс өтті.
Жарысқа “Жаңақорған аудандық” мешіті, “ҚУМ сахаба” мешіті, “Һисамиддин Сығанақи (Сунақ ата)” мешіті, “Жаңаауылдық” мешіті мен “Әл-Мүмин” мешіті жамағаттарынан құралған құрама командалары қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша:
1- орын: “Әл-Мүмин” мешіті;
2-орын: “Һисамиддин Сығанақи (Сунақ ата)” мешіті;
3-орын: “ҚУМ сахаба” мешіттері иеленді.
Жеңімпаз командалар және үздік ойын көрсеткен ойыншылар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің естелік сыйлықтарымен және мақтау грамоталарымен марапатталды.