ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
06/06/2019 315

Жаңақорғандық жастар пәтер сыйлады

Қасиетті Ораза айт мерекесінің құрметіне орай Қызылорда облысы, Жаңақорған кентінде “Қамқор” әлеуметтік дүкенінің ашылу салтанаты өтіп, жалғызбасты анаға пәтер кілті табысталды.

Аталмыш шараға арнайы қатысқан ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы “Ордакент” ардагерлер және жастар ресурстық орталығынан ашылған дүкенді салтанатты түрде ашып берді. Және де кент тұрғыны А.Беласарова апаға пәтер кілтін табыстап, қасиетті мейрамда қуаныш сыйлады.

Өкіл имам сауабы мол игі бастаманың басында жүрген жергілікті жомарт азаматтарға, атап айтқанда, аудандағы үш мешіт жамағаттарынан құралған “Жаңарған Жаңақорған Жастары” еріктілеріне шексіз алғысын білдірді.

Берекелі мерекедегі өнегелі шараға қатысқан Аудан әкімі Ғ.Әмреев ие өз тарапынан белсенді жастарға алғыс айтып, “мұқтаж жандарға пәтер сыйлау” мейірімділік бастамасын қолдайтындығын жеткізді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі