ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/29/2019 293

ЖАЛАҒАШТА: Жаңа мешіт ашылды

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, М.Шаменов атындағы ауылда жаңа құлшылық үйі ашылды.

Мешіттің ашылу салтанатында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлы, облыстық мәслиxат xатшысы Наурызбай Байқадамов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, Өмірбек Шәменов сөз алып, xалқымызды имандылыққа тәрбиелеуде мешіттің алар орны ерекше екендігін атап өтті.

Жиылған халық 70 адамға шақталған жаңа мешіт ішінде жамағат болып намазын оқыған соң, облыстық «Ақмешіт-сырдария» орталық мешітінің ұстазы, қари М.Абжалелов Құран оқып, өкіл имам еліміз, дініміз үшін дұға тілеп, Аллаға шүкіршілік етті.

Кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен салынған мешітке еліміздің ауылшаруашылығын дамытуға сүбелі үлес қосқан жандардың бірі – соғыс және еңбек ардагері, ауылшаруашылық саласының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовтің есімі берілді.