
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жалағаш
аудандық “Иманқұл” мешіті, Жастар ісі секторының ұйытқы болуымен қайырымдылық акциясы өтті.
Игі шарада Жалағаш кентіндегі әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 15 отбасыға азық-түлік қоржындары таратылды.
Мұқтаждарға қуаныш сыйлаған сауапты шараға ауданның құрметті азаматы Сағымбаев Ерлан Ізбасқанұлы демеушілік көрсетті.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі