ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/22/2019 306

Жанқожа батыр ауылында жаңа мешіт ашылды

Қазалы ауданына қарасты Жанқожа батыр ауылында халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 245 жылдығына орай «Ауылым – алтын бесігім» атты салтанатты шара өтті.
Мерейлі шарада ауыл халқының қуанышы еселеніп жаңа құлшылық үйі қолданысқа берілді.
Ашылу рәсіміне қатысқан ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов пен еңбек ардагері Берік Бисембаев, Сарықұл қожаның тікелей ұрпағы Ләйла Пана құттықтау сөз сөйлеп, жаңа имандылық үйінің ауыл жұртшылығы үшін ізгілікке насихаттаушы, мейірімділік пен бірлікке шақырушы орынға айналуын тіледі.
50 адамға шақталған жаңа мешіт жергілікті азаматтар мен ауыл тұрғындарының демеушілігімен салынды.