ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/25/2019 258

ЖАНТ мүшелері облыс бойынша насихат жұмыстарын жүргізді

Жергілікті ақпараттық-насихат тобының (ЖАНТ) мүшелері Арал, Қармақшы, Қазалы, Жалағаш, Сыдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында және Байқоңыр қаласында сапарда болды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты жергілікті ақпараттық-насихат тобының мүшелері, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» мамандары және жастармен жұмыс мекемелерінің қызметкерлерінен құралған аталмыш топ өңіріміздегі аудан, ауыл тұрғындарымен кездесіп, дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Арал ауданына қарасты Арал қаласы, Аралқұм, Қамыстыбас, Аманөткел елді-мекендері, Қармақшы ауданына қарасты Жосалы кенті, Ақай елді-мекендері, Байқоңыр қаласы, Қазалы ауданына қарасты Әйтеке би кенті, Көларық, Арықбалық, Майдакөл елді-мекендері, Жалағаш ауданына қарасты Ақсу, Мырзабай, Мәдениет елді-мекендері, Сырдария ауданына қарасты А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин, Қалжан Ахун елдімекендері, Шиелі ауданына қарасты Шиелі кенті, Талаптан, Төнкеріс елді-мекендері, Жаңақорған ауданына қарасты Кейден елді-мекенінде және Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кенті, Қызылжарма, Қарауылтөбе елді-мекендерінде өткізілген кездесулер барысында мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері, мектеп оқушылары мен жергілікті халықпен еркін форматтағы сұхбат жүргізіліп, сұрақтарына жауап берілді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі