ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
01/25/2020 158

ЖАНТ мүшелерінің жиыны өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі жанындағы жергілікті ақпараттық-насихат тобы (ЖАНТ) мүшелерінің отырысы өтті.

Жиынға ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы,  облыстық ішкі саясат басқармасы, дін істері бөлімінің басшысы Е.Есов, облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары А.Боранбаев, тиісті мекеме мамандары мен қала және аудан мешіттері имамдары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, алдымен ЖАНТ құрамы жасақталып, 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Жоспар бойынша 21 білікті имамнан құрылған 4 топ теріс ағым өкілдерімен түрлі бағытта жұмыс істейді.

Мысалы, Ислам әлемінің білгір ғалымдарының жат ағым зардабы мен қателіктері жайлы кеңінен түсіндіріп жазған кітаптарын қазақ тіліне аударып, мешіттерді қамтамасыз ету, жат  ағым өкілдерімен жалпы және жеке кездесу өткізу, мектеп, ЖОО, мемлекеттік және т.б. мекемелерде алдын-алу жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Сонымен қатар, теріс ағымның залалы жайлы мешітке келушілерге үнпарақтар тарату, әлеуметтік желілер мен газет-журналдарда мақалалар жариялау арқылы медиа ақпараттандыру, жұма, бесін, шам намаздарының уағыздары барысында түсіндірме жұмыстары да басты назарда болуы тапсырылды.