Қызылорда қалалық “Нұр” мешітінде жас отбасылармен кездесу өтті.
“Жарасымды жанұя” тақырыбында өткен шарада облыстық “Ақмешіт-Сырдария” мешітінің наиб имамы Отызбаев Қайырбек және қаланың бас имамы Үркімбаев Марат «исламдағы отбасы құндылықтары», «жанұя жарасымы», «берекелі шаңырақ құрудың құпиясы» жайлы насихат айтып, пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бен сахабалар өмірінен алынған өнегелі мысалдармен бақытты отбасы болудың шарттарын түсіндірді.
Тағылымы мол тәлім-тәрбиелік форматтағы кездесу соңында қонақтардың сұрақтарына жауап беріліп, кәдесыйлар табысталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.



