ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/29/2021 84

“ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ”: СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, “Жастар ісі” секторы және “Өркениет” медициналық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен “Жас келсе іске” тақырыбында еркін түрде кездесу өтті.

Кездесуге ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі “Ақмешіт-Сырдария” мешітінің ұстазы Мағжан Қайырғалиұлы және ҚМДБ-ның Жастар ісі секторының жетекшісі Айтжан Мұсаұлы қатысты.

Адам баласы, мамандық бойынша қажетті тұлға болып қалыптасу, адал еңбек ету, еңбекке баулу және рухани тәрбие негізінде сұқбат жүргізді. Сонымен қатар білім алу, тәрбиенің адам өмірінің маңыздылығы турасында ақпараттармен бөлісті.

Кездесу соңында студент жастар өз алғыстарын білдіріп, сұрақ жауаптарын жолдады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі