ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/28/2022 91

ЖАС ШӘКІРТТЕР АРАСЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСТАРЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен жас шәкірттер арасында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу сайыстары өткізілді.

Нақтырақ айтар болсақ, Жаңақорған ауданына қарасты Жаманбай ата ауылдық округі “Ноғай ата” мешітінде өткен жарыста шәкірттер қасиетті кітаптың белгілі бір бөлігін жатқа оқудан додаға түссе, Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылдық “Мүсірәлі сопы Әзіз” мешітінде өткен байқауда бүлдіршіндер мәнерлеп оқудан мһбақ сынады.

Алланың кәләмін жаттауға ынтыландыру мақсатынды ұйымдастырылған жарыс қорытындысына сәйкес жеңімпаздар жүлделерге иеленсе, қатысушылар ға да сыйлықтар табысталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі