ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
08/08/2021 839

ЖАСТАР АРАСЫНДА БАЛЫҚ АУЛАУДАН САЙЫС ӨТТІ

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай жұмысшы жастар арасында балық аулаудан сайыс өтті.

Сайысқа сан саладағы қызметте еңбек етіп жүрген азаматтар қолдарына қармақ алып, белсенділік танытты.

Жарыс соңында қармаққа іліккен балықтың салмағы мен өлшеміне қарай қазылар алқасы жүлделі орындарды белгіледі. Сайыстың қорытындысы бойынша қарсыластарына қарағанда қысқа уақыттың ішінде үш келі балық аулап үлгерген 261 орта мектептің мұғалімі Қуаныш Оспанов жеңімпаз атанып, бірінші орынға ие болды. Ал “Абзал и К” компаниясының қызметкері Бағдат Пірманов бір жарым келі балық аулап екінші орынға ілікті. Сайыстың ең жас қатысушысы, жеке кәсіпкер Талап Сисенбаев бір келіден аса балық аулап, үшінші орынды қанағат тұтты.

Сайысқа қатысқан барлық қатысушылар назардан тыс қалмай, алғыс хатпен марапатталса, жеңімпаздарға арнайы дипломдаржәне бағалы сыйлықтар табысталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі