ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/25/2021 87

ЖАСТАР АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН ДОСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Тасбөгет жастары арасында футболдан достық кездесу өтті.

Жастардың ауызбіршілігін арттырып, қарым-қатынасын нығайту мақсатында және салауатты өмір салтын насихаттау үшін ұйымдастырылған спорттық сайысқа 10 құрама қатысты.

Қасиетті Рамазан айында өткізілген жарыста топ жарған “Бауырлар 98”, “MFK–93 Бамбей”, “Ұстаз” командалары жүлделі І,ІІ,ІІІ-орындарды иеленсе, “Үздік ойыншы” номинациясын Н.Жұбатқанов, “Үздік қорғаушы” номинациясын Н.Темірханов, “Үздік шабуылшы” А.Оңдасынов, “Үздік қақпашы” номинациясын Қ.Құдайбергенов, “Үздік гол” номинациясын А.Жумахметовтер қанжығаларына байлады.

Жеңімпаздарға алғыс хаттар табысталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі