ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/02/2021 128

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ КІТАП ОҚУ ЖАРЫСЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде кітап оқудан  кезекті жарыс өтті.

І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романының  ІІІ-кітабы желісінде өткен сайыс шарты бойынша кітап оқушы жастар аталмыш кітапты толығымен оқып шығып, сұрақ-жауап арқылы шығарма мазмұнына қайта шолу жасайды.

Сайыс қорытындысына сәйкес жеңімпаз атанған командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі