ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
08/30/2021 105

ЖАСТАР БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАДЫ

Еліміздегі ҚМДБ-ға қарасты барлық мешіттерде тамыз айында «Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық акциясы өтуі үрдіске айналған.

Акцияның мақсаты-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.

Аталмыш акцияға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйытқы болуымен мешіт қызметкерлері мен белсенді жастары да өз үлестерін қосып, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасы балаларына оқу құралдарымен жабдықталған мектеп сөмкелері мен оқулықтар, киім-кешектер  тарту етті.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі