ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/14/2025 2333

ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛАДЫ

Жастар ісі секторы Қызылорда қалалық орталықтандырылған №19 кітапханаға “Muftiyat” баспасының өнімдерін тарту етті.
Нақтырақ айтар болсақ, Жастар ісі секторының Қызылорда облысы бойынша жауапты жетекшісі, қалалық “Мырқы қажы” мешітінің имамы Айтжан Мұсаұлы халықаралық кітап сыйлау күнінде аталмыш мекемеге арнайы барып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл баспасынан жарық көрген кітаптарды табыстады.
Айта кетейік, бүгінде Сыр мешіттері тарапынан аймақтағы кітапханаларға кітап сыйлау үрдісі дәстүрге айналған.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі