ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/30/2022 687

ЖАСТАР СЕКТОРЫ ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА КӨМЕК БЕРДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен  “Рамазан қоржыны” акциясы өтті.

Қасиетті айдың құрметіне облыс көлемінде жүзеге асырылған акцияның кезекті шуағы мүмкіндігі шектеулі жандарға төгілді.

Нақтырақ айтар болсақ, сектордың облыстағы жетекшісі Айтжан Мұсаұлы өмірге құштар жандармен кездесіп, бір айлық көлеміндегі азық-түлік қоржынын табыстады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі