ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/17/2021 654

ЖАСТАР СЕКТОРЫ ЖЕТЕКШІСІ ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ЖАМАҒАТПЕН КЕЗДЕСТІ

     ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының жетекшісі, қалалық “Мүсірәлі ата” мешітінің имамы А.Жексенов қармақшылық жамағатпен арнайы кездесті.
     Кездесу барысында, Айтжан Мұсаүлы Адамзаттың ардақтысы, Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбарымыздың дүниеге келген айын тойлаудың басты мақсаты – ислам дінін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, адамгершілікке шақыру екенін атап өтті.
     Сондай-ақ, “Қармақшы ата” мешітінде  ұйымдастырылған мерекелік  шараға аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы, Қызылорда облыстық “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінің наиб имамы Ислам Қаюпов, Қармақшы ауданының бас имамы Жақсыбек Абенов, ҚМДБ ның “Зекет және қайырымдылық” қорының Қызылорда облысы бойынша жауапты өкілі Онталап Жидебаевтар да қатысып, жиылған жұртшылықты Мәуліт мерекесімен құттықтады.
   Сонымен қатар, рухани шарада Пайғамбарымызға салауаттар жолданып, діни уағыздар айтылды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі