ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/30/2021 345

ЖАСТАР СПОРТШЫЛАРМЕН СҰХБАТТАСТЫ

Қала мешіттерінің  жас шәкірттері Сыр өңірінің танымал спортшылармен кездесті.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен өткен келелі кездесуде жастар арасындағы Азия чемпиондары Марат Жанқожа, Бегалы Рауан,   Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері Жұрқабаев Саламат сынды спортшы азаматтар замандастарымен еркін форматта сұхбат жүргізді.

Жаттығу залындағы басқосуда аймақтың абыройын асқақтатып жүрген спортшылар денсаулықтың қадірін білу, жастық энергия мен бос уақытты тиімді пайдалану турасында сөз қозғап, түрлі сынақтарына мойымай, жеңіске жетелейтін мотивациялық кеңестерімен бөлісті.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі