Жергілікті «Qogam TV» телеарнасында жарық көретін жастарға арналған «Жастар және …» телехабары бастау алды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – түрлі тақырып аясында қоғамдағы өзекті мәселелер мен оларды шешудегі жастардың рөлі жайында ой жүгіртіп, түйткілді тарқатудың тиімді тұстарын пайымдау.
Телехабардың кезекті шығарылымы «Жастар және дін» тақырыбында өрбіді. Арнайы шақырылған қонақтар: Қызылорда қаласының бас имамы М.Үркімбаев, теолог, дінтанушы және өзге сала мамандары жастардың дінге деген көзқарасы мен ұстанымына тоқталып, деструктивті діни ағым өкілдерінің арбауына түсудің алдын алу жолдары туралы талқылады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі