ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жастар және Отбасы» тақырыбында жастармен тағылымды кездесу өтті.
Жастар ресурстық орталығында өткен кездесуде отбасы институтының маңыздылығы, ата-анаға құрмет, жарына деген жауапкершілік пен тәрбиелік құндылықтар кеңінен сөз болды.
ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша меңгерушісі әрі қалалық «Мырқы қажы» мешітінің имамы Жексенов Айтжан Мұсаұлы отбасы жайлы терең ойларымен бөлісіп, жастарға рухани бағыт берді.
Мұндай жүздесулер жастардың отбасылық құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастырып, жауапкершілік сезімін арттырады.






