ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/23/2021 689

“ЖАСЫЛ ҮСТЕЛ” ҮСТІНДЕГІ ЖАРЫС

Қазалы ауданы орталығында жаңадан ашылған “KOZDE” ойын-сауық кешенінде мешіт жамағаттары арасында бильярд ойынынан аудандық сайыс өтті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Жастар ісі секторы Қазалы аудандық “Жанқожа батыр” мешіті мен “Қазалы ынтымағы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа “Жанқожа батыр”, “Нұралы” , “Қожаназар ишан” мешіттерінің жамағаты қатысты.
Дін жолына ден қойған жігіттердің өзара түсіністігі мен бауырмалдығын арттыруға бағытталған бильярд жарысында жиырмадан аса қатысушы бақ сынады.
Додада дараланып, дәлдігімен танылған жүлдегерлерді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дәурен Тілеумбетов марапаттады.
Үшінші орынды місе тұтқан “Қожаназар ишан” мешітінің жамағаты Рысқали Алимов смарт-сағатқа ие болса, екінші орынды еншілеген “Нұралы” мешітінің жамағаты Ерқанат Махантайға автокөлікке арналған құрал-сайман жиынтығы сыйға берілді. Бірінші орын иеленген “Жанқожа батыр” мешітінің жамағаты Сәбит Аралбаев су жаңа велосипедке ие болды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі