ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/29/2022 689

ЖАТАҚХАНАДАҒЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, “Жастар ісі” секторының ұйымдастыруымен «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесу өтті.

5-ші жатақхана жастарымен өткен еркін форматтағы басқосуда Қызылорда қалалық  «Нұр» орталық мешітінің наиб имамы Болатбеков Нұрсұлтан және «Құддыс ишан» мешітінің бас имамы Бисен Мұстафа ата-ананы ата-ананы құрметтеу, уақытты тиімді пайдалану, білім алу тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Сонымен қатар, сектор атынан 60 студентке ауызашар берілді.

Студенттер Рамазан айының оразасына байланысты өз көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.