ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/16/2021 657

ЖЕТКІНШІКТЕР АРАСЫНДА БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қармақшы ауданы Ақай ауылдық “Мүсірәлі сопы Әзіз” мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен сауат ашу курсынде білімін шыңдап жүрген жас жеткіншектер арасында білім сайысы болып өтті.
Жарыс ережесіне сәйкес, шәкірттер  ақида, құран, фиқһ және Аллаһ тағаланың 99 көркем есімдерін жатқа айтудан бақ сынады.
Сұрақ-жауап форматында өткен сайыс соңында мешіттің Бас имамы Дәуіржанұлы Мұрат шәкірттерге алғыс білдіріп, сыйлықтармен марапаттады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі